Қызылордада кәсіпкерді негізсіз жедел-жәрдем қызметіне қоспаған

463

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке облыстық жедел жәрдем станциясы кәсіпкерді «103» шұғыл шақыруларын медициналық ұйымдарға тарататын «АДИС» бағдарламасына қосу мүмкіндігін шектегені туралы шағым түсті.

 «103»  Жедел жәрдем станциясының телефоны бойынша қоңырау түспегендіктен, кәсіпкер қаржылық шығынға ұшыраған.

Департаменттің араласуымен мүдделі тараптармен кездесу өтіп, мәселенің себептері талқыланды.

 Нәтижесінде, кәсіпкер «АДИС» бағдарламасына қосылып, қызметін жалғастыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<