Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен карантин талаптарын бұзған 10 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.
3 жағдай үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыруға қатысты, 7 жағдай санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамауға қатысты тіркелді.
Заңбұзушылықтар Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес құрылған мобильдік топтардың рейдтері кезінде анықталған.
Қатаң шектелген шаралар мен карантин талаптарына қарамастан той жасаған Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарының тұрғындарына және қорғаныш құралдарын кимей халыққа қызмет көрсеткен қоғамдық тамақтану мен дүкен қызметкерлеріне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Департаменттің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<