Қызылордада карантин талаптарын сақтамағандар жазаға тартылды

1165

0

Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын бақылау бойынша тиісті іс-шаралар атқарып келеді.

Бұл бағытта 12 мониторингтік топ мүшелері биылғы жылдың қаңтар айынан бастап меншік нысанына қарамастан қала аумағындағы 931 нысан аралады.

Оның ішінде, карантин талаптарын сақтамаған нысандарға әкімшілік шара көру үшін үйлестіру орталығы арқылы 13 нысан бойынша құзырлы органдарға шұғыл хабарламалар жолданып, оның 8-не әкімшілік шара көрілді.

Айта кету керек, қала аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталуы бойынша аралау жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<