Қызылордада киік атқан облыс тұрғындары ұсталды

367

0

Фото: Қызылорда ПД

Кеше  Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-профилактикалық рейд барысында күдік туғызған Volkswagen Crafter автокөлігін тоқтатып тексеру кезінде ішінен 39 дана киікке ұқсас жануарлардың өлі денелері анықталды.

Бұған қоса, хабарламаға сәйкес тұрғын үйді тексеру барысында 84 дана киік жануарларына ұқсас өлі денелері, 14 дана бас бөліктері, 6 дана терісі табылды.

Күдікті үш облыс тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән – жайлар анықталуда.

Қызылордада киік атқан облыс тұрғындары ұсталды
Фото: Қызылорда ПД