Қызылорда қаласындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші көлік жылдамдығын өлшегіш стационарлы құрылғылар бүгін сағат 20.00-ден бастап 5 жерде іске қосылады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар:
1. Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы)
2. Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты)
3. Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсына)
4. Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы)
5. Бейбарыс көшесі (№9 көп қабатты үй жаны) аумақтарында орналасқан.
Барлығының алдында ескерту белгілері бар.
«Осыған байланысты көлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұраймыз», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қалған 8 жердегі құрылғылар кезең-кезеңмен іске қосылады.
Сб-ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<