Қызылордада лагерь демалушыларына берілетін тамақ ескі әжетханада сақталған

460

0

Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған. Бұл кемшілікті прокурорлар Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы» лагерін тексеру барысында анықтады. Кезінде әжетхана болған бөлме бүгінде шағын қоймаға айналған, деп хабарлайды Nur.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап

Ал Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде балалар лас суға шомылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін асханада тамақтанған. Сырдария ауданында орналасқан «Жалын» демалыс орынының тынығушылары да лас төсек-жабдықтарын пайдаланып келген. «Жекелеген лагерлердің жағдайы нашар. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың қорытындыларымен тиісті шаралар қабылданатын болады», – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әділ Есқараев.

Ал Қостанай облысындағы жазғы демалыс орындарында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері анықталды. Лагерь аумағында жарақат алу қаупі жоғары жерлер бар. Ал шайындыларды зерттеу нәтижесі ішек таяқшасы тобының бактериялары болғанын көрсетіпті. Тіпті лагерьдің біріндегі әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылған. Тіпті лагерь ғимаратында сауна болған. «Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша 6-7 тамыз күні саунаны бұзу жұмыстары басталған. Балалар тамақтанатын орын мен сауна бір ғимаратта орналасқан. Тексеріс барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура тиісті шара қолданады», – деді Қостанай облысы қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуоры Нұрсұлтан Сатыбалдин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<