Қызылордада мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде

688

0

Фото: Аумақтық сайлау комиссиясы

Бүгін Қызылорда өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау басталды.
Аймақта сайлау науқаны 3 округ бойынша Қызылорда қаласында және Арал, Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылуда. Барлық округ бойынша 37 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы.
3 округте 27 учаскелік комиссия жұмыс жасайды. Мұнда 189 комиссия мүшесі сайлау процесіне жауапты.
Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды және жасырын дауыс беруге арналған кабиналар пердемен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мүгедекті бар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалды.
Таңғы сағат 7.00-де барлық учаскелер ашылып, дауыс беруге кірісті. Тұрғындар таң сәріден келіп, өздері қалаған кандидатқа дауыс беріп, таңдауларын жасады. Учаскеге бірінші болып келген қарт сайлаушы Нұрғали Мүсіпов сайлау науқандарына тұрақты түрде қатысып келе жатқанын және бұл әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ең алғаш келген және тұңғыш рет дауыс беруге құқылы сайлаушыларға сыйлық берілуде. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Айта кету керек, Қызылорда облысының мәслихат депутаттығына 3 кандидат, Арал аудандық мәслихаты депутаттығына 3 кандидат, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутаттығына 4 кандидат тіркелген.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Қызылордада мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<