Қызылордада мекеме қызметкерлеріне халық санағы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

815

0

Елімізде 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап халық санағы басталды. Осыған орай, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде Қызылорда облысы статистика департаментінің мамандарымен кездесу өтті. Сала мамандары жеке құрам қызметкерлеріне онлайн санағы, яғни, sanaq.gov.kz сайтында азаматтар орналасқан жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санақты өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнамалар толтыру бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.  Халық санағы бөлімінің нұсқаушысы А.Омарова  сайтқа кіру тәулік бойы қамтамасыз етілетіндігін және қызметкерлерді  халық санағына  белсенді қатысуға шақырды.

Санақ не үшін керек десеңіз, мемлекет елдегі ха­лық санын, этникалық құрамын дәл білуі үшін, халықтың тұрмысын зерт­теу үшін, бұрынғы есептермен салыс­тырып, өзгеру серпініне талдау жасай­ды деді сала мамандары.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<