Қызылордада нашақорлыққа қарсы кешенді акция өтті

261

0

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні мерекесіне орай Қызылорда қаласының орталық мәдениет және демалыс паркінде есірткіге қарсы ауқымды акция өткізілді. 

Акция барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Тақырыптық театрлық және би қойылымдарының көрсетілімі жұртшылық назарына ұсынылып, жергілікті және эстрада жұлдыздары өз өнерлерін паш етті. 

Кештің басты қонағы қазақстандық эстрада әншісі Байтанат өз репертуарындағы жаңа әндерін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ол акция барысында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден алыс болуға шақырды.

Қызылордада нашақорлыққа қарсы кешенді акция өтті

Сондай-ақ, есірткіге қарсы полиграфиялық өнімдер мен балаларға арналған ойыншықтар таратылды.

Акция барысында митинг өткізіліп, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыста үздік болып танылған түрлі сала өкілдері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<