Қызылордада «Өрт-2024» РКШОЖ практикалық кезеңі ұйымдастырылды

344

0

Фото: ТЖД

«Өрт-2024» РКШОЖ өңірлік штабы «Эдельвейс» саяжайы маңында ұйымдастырылды. Штаб отырысы кезінде Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаевқа азаматтық қорғау жүйелерінің 15 қызметінің өкілдері оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне қатысуға дайын екендіктерін баяндады.

Осыған орай практикалық кезең басталды. Қызылорда қаласынан 7 шақырым қашықтықта, Шіркейлі каналының оң жақ жағалауында белгісіз азаматтың ашық от көзін пайдалану барысында тоғай алқаптарында өрт шығып, жақын орналасқан шаруа қожалықтарына және тұрғын үйлерге қауіп төнді.

  • – Өртті жақын орналасқан жеке шаруашылық қожалықтарының тұрғындары байқап, «112» телефонына хабар берді.
  • – Оқиға орнына Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен 1 АЦ, 1 ХТЗ трактор,1 Уаз көліктерімен 15 адам келіп, жағдайды бағалап, өрт ауданы шамамен 2000 шаршы метр болуына және желдің күшеюіне байланысты Орталықтан көмек сұратып, өрт аумағында шаруашылық қожалықтарының жалдамалы екі малшысы жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлайды.

Өрт сөндіру автокөлігінен жауынгерлік қанат жайып, өрт ошағын 2 «Б» оқпанымен сөндіруге кірісіп, 6 қызметкері соққыштармен (хлопушкамен) өрт сөндіру жұмыстарын бастайды. Орын алған өрт аумағын әрі қарай таралмауына жол бермеу мақсатында өрт ошағынан шығыс жақ беті «Эдельвейс» саяжайы жағынан трактор соқасымен жерді жыртып, өртке қарсы (минералды жолақ) жолақтарын салуға кірісті.

Өзара іс-қимыл алгоритмдеріне сәйкес арнайы және шұғыл қызметтер оқиға орнына жолданды.

№4 өрт сөндіру бөлімінен 2 АЦ техникасымен 12 қызметкер келді. Ақсуат ауылдық округі әкімшілігіне қарасты ерікті өртке қарсы құрылымынан 1 техникамен 15 адам келіп, өрт шоқтарын соққыштармен сөндіруге кірісті.

№6 өрт сөндіру бөлімінен 2 негізгі өрт сөндіру автокөлігімен 12 қызметкер келді.

Сонымен бірге Апаттар медицинасы орталығы филиалының көлігімен 1 зардап шегуші қауіпсіз аймаққа тасымалданып, «Қазавиақұтқару» мекемесінің тікұшағы арқылы ауруханаға жеткізілді.

Командалық-штабтық машинасының экипажына Төтенше жағдайлар министрлігі және Қызылорда облысы ТЖД-мен байланыс орнатып, ақпарат алмасу ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға ЖҚЖ- 1 техника, 2 кинологиялық есеп, 5 қызметкер, ды тапсырады. Өрт сөндіру бастығы ЖҚЖ-ның кинологиялық есептерін жоғалған екі малшыны іздестіруді тапсырады.

  • – «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-нан 1 тікұшақ ТЖ аймағына келіп арнайы координаттары белгіленген су айдындарынан су тасымалдай отырып, өрт ошақтарына су құю құрылғысмен сөндіру жұмыстарын жүргізеді.
  • – АМО 1 техника 4 қызметкер келіп өрт сөндіру штабының жанына орналасып, штабтан тапсырма күтеді. Өрт сөндіру бастығы өрт сөндіру жедел штабына зардап шеккендерге АМО қызметкерлерімен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді тапсырады.
  • – ТЖ аймағына азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары келеді.
  • – ТЖ 48 бірлік техника, 1 бірлік тікұшақ, 170 адамның қатысуымен толық жойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<