Қызылордада пробация есебіндегі адамдар  квотамен жұмысқа орналасты

344

0

Фото: автордан

Қызылорда қалалық  пробация қызметінде 500-ден астам  сотталған есепте тұрады. Пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары  жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ, жыл басынан бері есепте тұрған жұмыссыз 42 сотталған  квотамен жұмысқа тұрғызылған.

Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы   әкімдігінің  қаулысымен жұмыс орындарына 42 квота белгіленген. Пробация есебіндегі 42 сотталған жұмысқа тұрғызылып, квотаны жүз пайызға орындадық. Сонымен қоса,  квотадан бөлек тағы 3 сотталғанды жұмысқа орналастырдық. Қазіргі таңда олар жұмыстарын жасап жүр. Сондай –ақ сотталғандар арасында өз кәсібін ашқандар да бар. Жыл басынан 12 азамат мемлекеттен қайтарымсыз қаражат ұтып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Есептегі тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық басқа да көмектер ұдайы көрсетіледі. Жалпы пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда болады. Қызметкерлер есептегі әрбір азаматтың тұрғылықты мекенжайынан күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді деді әділет майоры Фариза Сембаева.

– Өзім жұмыс іздеп  көргенмін таба алмадым. Пробация қызметінің көмегімен жұмыс таптым. Жұмысыма уақытылы барып жүрмін. Жұмысшы ретінде қазір жұмыс жасап жатырмын. Екі қолға бір күрек тапқаны ма қуанып жүрмін. Түзу жүріп, отбасымды адал еңбегіммен  асыраймын,- деді есептегі азамат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<