Қызылордада «Қайырымды істер марафоны» жалғасын тапты

860

0

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы  өткізілуде. Бұл жоба бүгінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында да жалғасын тапты. 

«Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай  қайырымдылық марафоны 1000 отбасыны қамтыды. Оның ішінде  кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері 300 отбасыға азық-түлік таратса, қалған 700 отбасыға қала әкімдігі және облыстық басқармалар жалпы көлемі 7.5 млн.теңге қаржыны құрайтын азық-түлік себеттерін үлестірді. Әрбір топтамаға  азық-түлік өнімдері  топтастырылды. Жоба асында қайырымдылықты дәріптейтін шаралар жыл бойына жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<