Қызылордада жазасын өтеп жатқан жатқандарға есірткі өткізбекші болған 43 жастағы адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласының тұрғыны ЗК-169/5 мекемесінің бақылау өткізу пункті арқылы есірткі затын өткізбекші болған. Осы орайда облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жазасын өтеп жатқандарға марихуана өткізуге әрекет
«Күдікті ретінде танылған адам уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<