Қызылордада уәкілетті орган кәсіпкерге жасанды кедергілер жасаған

588

0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер автожолдар салу барысында жұмыстарды орындау мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органға арыздану мәселесімен жүгінді.
Департаменттің араласуымен барлық жауапты мекеме өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің нәтижесіне кәсіпкердің құқықтарының бұзылғаны расталып, аталған мәселе бойынша уәкілетті орган жазбаша түрде толық жауап берді. Кәсіпкер кассациялық сатыдағы сотқа шағымдануға және өз құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік алды.
Департамент аталған мәселе толықтай шешілгенінше өз бақылауында ұстайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<