Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан «Біз есірткіге қарсымыз! Бізбен бірге бол!» тақырыбында жалпы және орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында нашақорлыққа қарсы репортаж жасау байқауы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі мәселесін түсіндіру денгейін кеңітіп, сайыскерлердің жеке ойын білдіру мүмкіндігін айқындау болып табылды.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін 36 үздік жұмыс жолданды.
Байқауға қатысушылар репортаж әзірлеп, өз жұмыстарында нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын қиындықтар жайлы айтып, нашақорлықтан аулақ болу керектігі жайлы пікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын ұсынуға шығармашылықпен қарады, әртүрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 15 қатысушы ынталық танытқаны үшін, ал 15 жеңімпаз деп танылды.
Байқаудың жүлдегерлері: Шиелі ауданы N47 мектеп-лицей оқушысы Иманғали Кәусар, Қазалы ауданы №17 орта мектеп оқушылары: Адилханова Алуа, Бисенбаева Айзере, Құланбай Айғаным.
Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<