Қызылордада жасалған

476

0

Аймақта кәсіпкерлік саласы түрлі жобалар арқылы даму үдерісінде. Облыста қайтарымсыз грант алып, кәсіп көкжиегін кеңейткен кәсіпкерлердің үлкен шоғыры бар. Өз кәсібінен өнім өндіріп отырғандардың бірі – «Алтын тас» ЖК мекемесінің директоры Нұрбек Тұрғанбеков. Ол тас төсеніш пен керамикалық плиталар өндірісін қолға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

2022 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жеңілдетілген несие алып, өндіріс орнын 3 есеге кеңейткен.

– Қазіргі таңда, цех аумағында пискоблок, тротуар тақталары, бордюр, науа , люк, жертөле, полифасад өнімдері өндіріліп, тұтынушыларға пайдалануға берілуде. Биыл өндіріс көлемін 32 000 ш.м-ден 40 000 ш.м дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз.

Қазіргі уақытта мекемеде 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл жаз мезгілінде, нағыз құрылыстың қызған шағында сұраныстар да жиі түсіп жатыр. Біздің қаламыздан бөлек, өзге қалалардан да арнайы тапсырыстар түседі,- деді Нұрбек Тұрғанбеков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<