Қызылордада жол апатынан 4 адам зардап шекті

704

0

Оқиға 2 мамыр күні Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекені тұсында болды.

«Жол-көлік оқиғасынан төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 1 азаматша және 3 жасөспірім бар. Көз жұмғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<