Қызылорда облысында екі автокөліктің соқтығысуынан болған жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
Оқиға 13 тамызда Шиелі ауданы аумағындағы «Шымкент-Самара» тас жолының Сұлутөбе аулының тұсында болған. Екі автокөліктің соқтығысуынан болған жол апатында бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Қызылорда облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<