Қызылордада Тәжікстаннан Ресейге 20 тонна орама жіп алып бара жатқан жүк көлігі отқа оранды.
Оқиға бүгін «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған.
«Бұл жайындағы хабарлама сағат 5.33-те аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне келіп түсті. Оқиға Жаңақорған ауданының орталығына 45 шақырым қалған аумақта болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік тіркемесінде 20 тонна орама жіп тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен көліктің кабинасы толықтай сақталып қалды. Өрт 07.22-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда», деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<