Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды

648

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

«Кінәлі жүргізуші ұсталып, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<