Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қамауға алынды

593

0

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының нұсқауына сәйкес, демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды.​

19 тамыз күні сағат 23:10 шамасында қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері құқық бұзушы Lexus автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында көлік тізгендеген 30 жастағы азамат сот шешімімен 2023 жылдың 19 маусымында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен автокөлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.​ Алайда ол тағы да заңды бұзып, көлік тізгіндеген.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<