Қызылордалық емші бала Ерболсын үйленді

1023

0

Қызылордалық емші бала Ерболсын Серікбай бойдақтық өмірмен қоштасты. Үкілі бала ақ құсын қолына қондырды.

Емші бала бұған дейін де үйленетінін бірнеше рет айтқан еді. 

«Бәріне сәлем. Ең алдымен Аллаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны берген, тәрбиелеген ата-анама алғыс айтам. Менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин», – деп жазды Ерболсын парақшасында.

Емші бала қалыңдығымен бірге түскен суретін жарялады. 

Көпшілік ақ батасын айтып, құтты болсын десті. 

«Көтеріп жатқан шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын», «Шаңырақтарың құтты болсын», «Бақытты болыңдар, бақтарың ашылсын», «Өмірлерің ұзақ, бақытты сәттерің көп, бала-шағаларың көп болсын, «Өмірлік қадамың құтты болсын», – деп жазды көпшілік.

Stan.kz 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<