Қызылордалық кәсіпкер жер учаскесін ала алмаған

653

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер жер учаскесін алу кезінде әкімшілік кедергілерге кездескенін айтып өтініш білдірді.

Ол жергілікті атқарушы органнан жылыжай салу үшін Қызылжарма ауылында 0,01 га жер учаскесін сұраған. Алайда уәкілетті орган кәсіпкер сұраған жерден үш есе көп 0,03 га жер учаскесін аукционға қойған.

Салдарынан тиісті қаражаты болмай кәсіпкер бұл аукционға қатыса алмаған. Департамент жауапты сала мамандарының қатысуымен жиын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган0,01 га. жер учаскесін сатып алуға аукцион өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша кәсіпкер аукционға қайта қатысуға мүмкіндік алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<