Қызылордалық кәсіпкерге әкімшілік кедергілер келтірген

451

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер Қызылорда қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Күміс жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жеке кәсіпкерлікке жұмысшы ұсынудан бас тартқаны жөнінде шағым түсірді.

Кәсіпкер 2 жұмысшы алуға Жұмыспенқамтуорталығынан алдын ала келісім алып, келісім-шарт жасасқан. Дегенмен,аталған мемлекеттік мекеме түрлі сылтау айтып бір ғана жұмысшы бөлген.

Мәселені зерделей отырып Департамент қалалық жұмыспен қамту орталығының атына ұсыныстар жолдады. Нәтижесімен жұмысшыға тиісті жолдама беріліп, кәсіпкер мәселесі шешімін тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<