Қызылордалық кәсіпкерге орындалған жұмыстары үшін 88,7 млн теңге қаражат төлемеген

378

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне, жеке кәсіпкер квазимемлекеттік ұйымынан ұзақ мерзім аралығында орындаған жұмыстары үшін өзіне тиесілі қаржысын ала алмай жүргені туралы өтінішпен жүгінген.

Атап айтқанда, тараптармен жасалған шартқа сәйкес кәсіпкер кеніштердің ғимараттары мен объектілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар орындаған.

Алайда, тапсырыс беруші квазимемлекеттік мекемесі бастапқы жобалау-сметалық құжаттарды түзету қажеттілігін алға тартып, жұмысты қабылдамай, сәйкесінше бизнес субъектісіне тиісті қаражатын төлемеген.

Департаменттің аталған мәселеге араласуынан кейін кәсіпкер мен квазимемлекеттік мекеменің арасындағы шарт пен техникалық ерекшелігінде бастапқы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету көзделмегені және тиісінше квазимемлекеттік ұйымның бизнес субъектісіне қойылатын талаптары негізделмегені анықталып, тапсырыс берушіге тиісті хат жолданған соң кәсіпкерге 88,7 млн. теңге қаражатты толық көлемінде төленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<