Жуырда Астана қаласында «ҚР ІІМ-нің үздік криминалисі – 2022» республикалық байқауы өткен болатын.
Үш күнге созылған байқауда әр өңірден келген 20 криминалист бақ сынасты. 20 полиция қызметкері арасында топ жарып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел криминалистика басқармасының аға криминалисті полиция майоры Райханов Ілияс ІІ орынды иеленді. Әкесінің жолын қуған Ілияс ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап абыройлы қызмет атқарып келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<