Қызылордалық оқушы ҰБТ-дан 129 балл жинады

1171

0

Аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Дәлірек айтсақ, 22 мамырдан 5 шілдеге дейін Қызылорда қаласы және Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы ҰБТ өткізу пункттерінде жалғасады.

Биыл аймақтағы 8 210 мектеп бітіруші түлектің 7421-і тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Алғашқы күні 286 түлек білімін сарапқа салып, бақ сынады.

Бүгінгі ақпарат бойынша ең жоғарғы балл әзірге Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің түлегі Балнұр Бегайдардың еншісінде. Ол 129 ұпай жинады. Балнұр «Алтын белгіге» үміткер.

Оның айтуынша, тест өте жеңіл өткен оқыған сұрақтары келген. Негізгі таңдаулы пәні география және математика пәндері.

Барлық тест тапсырмаларының жалпы саны – 120, максималды балл – 140. Жалпы уақыт – 4 сағат. Пәндер саны – 5, егер 3 пән міндетті болса, 2 пәні мамандандырылған.

Айта кету керек, бұл тестілеу білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өткен жылдан бері түлектер грантқа түсу үшін екі рет сынақ тапсырып, жақсы нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Әрине, бұл – балалар мен ата-аналардың сынаққа бойы үйренуі үшін берілген мүмкіндік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<