Қызылордалық полицей қоян – қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

485

0

16-18 маусым аралығында Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты өтті. Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында үздіктер атағы үшін әлемнің 32 елінің спортшылары бақ сынасты. Қазақстан құрама командасының намысын ішкі істер органдарының қызметкерлері де қорғады.

Әлемдік додада Сыр елінің намысын қорғаған Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты Ғайни Нұрмахан қоян-қолтық ұрыстан жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Міне, бүгін әріптестері әлем чемпионатының қола жүлдегерін ерекше құрметпен күтіп алды.

Спортшы полицей арнайы келген әріптестеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, спортта биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз! Келешекте де Сыр өңірінің намысын биікке көтереді деген сенімдеміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<