Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп, құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, есірткіге және алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін пациенттермен кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты – тыңдаушыларға есірткі заттарының теріс әсерін жеткізу және нашақорлықтың алдын алу. Сондай-ақ, кездесуде жыл сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері заңсыз айналымнан бірнеше тонна түрлі есірткі заты алынатыны айтылды. Кез-келген адам есірткі сатушылардың құрбанына айналуы мүмкін, ең бастысы, уақытында – «жоқ!» -деп жауап беру керектігіне назар аударды!Есірткіні интернет арқылы тарату, байланыссыз іске асыру әдісі сияқты фактілерге маңызды орын берілді. Қызметкерлер мұндай факт туралы хабардар етіп, қатысушыларды осындай жағдайлардан сақтандырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<