Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы тауып берді

511

0

Кеше 13 жасар бала түскі 14:30 шамасында мектептен шығып, үйіне оралмаған. Баланың ата-анасы алдымен өздері іздеген. Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермегендіктен олар полицияға жүгінген.

Іздестіру барысында тұрғындардан, таныстардан, көршілерден – баланың қайда екенін білетіндердің барлығынан сұрастыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, баланың мектептен шығып, қоғамдық көлікке отырғаны және ұялы телефонын жоғалтып алғаны белгілі болды.  Ұялы телефонының жоғалғандығы жайлы ата-анасына қалай айтарын білмей көше кезіп жүре берген.

Түңгі сағат 01:40-таполиция қызметкерлері баланы қала көшелерінің бірінен тауып, ата-анасына тапсырған. Баланың жақындары тиянақты әрі жылдам жұмыс атқарғандары үшін полиция қызметкелеріне алғыс айтты.