Қызылордалық құқық қорғаушылар қаржы пирамидаларынан сақ болуға шақырды

793

0

Қазақстан  Республикасы аумағында қаржылық пирамида құру және оны трансұлттық қылмыстық топ құрамында басқару дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігі (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 217-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша  (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету)   сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

«Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «Five Winds Asset Management» қаржылық пирамидалар тобының қылмыстық әрекетінен 2016-2017 жылдар аралығында елдің барлық аумақтарында мыңдаған қазақстандықтар зардап шекті, оларға келтірілген шығын 1 млрд.теңгеден асты.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрлігі  Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес, аталған компанияларға ақша-қаражаттарын аударып, салымшы ретінде тіркелген Қызылорда облысы тұрғындарынан арыз-шағымдар алынып, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды.          

Осыған байланысты, аталған компанияларға қандай да бір ақша-қаражаттарын аударып, салымшы ретінде тіркелген  облыс тұрғындарына өз құқықтарыңызды пайдаланып, Тергеу органы көмегімен кінәлі адамдардың қылмыстық жауапкершіліктері шешілуі үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің  барлық қала және аудандық бөліністеріне арыз – шағым беріп, төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларын сұраймыз.

    Байланыс телефоны:  Қызылорда облысы Полиция департаментінің тергеушісі полиция  капитаны  Әлбатыров Ерсайын 8-777-361-89-62.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<