Қызылордалық құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес берді

466

0

Сурет: pixabay

Өңірлік коммуникациялар қызметінде дала өртінің алдын алу және өрт қауіпсіздігі туралы брифинг өткізілді.

Спикер болып Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы сөз сөйледі.

«Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде 2 дала өрті тіркелді. Облыс бойынша барлық өрт қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылып (15 өрт бақылау мұнарасы), билбордтар және ескертпе тақтайлары орнатылды. «Қызылорда облысы ТЖД

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, 10 мобильді топ құрылды, олар рейд жүргізді.

Шалғай орналасқан елді мекендерде 137 ерікті өртке қарсы құрылымы жасақталды, оның құрамында 1820 адам, 11 өрт сөндіру автокөлігі, 359 бейімделген техника, 22 мотопомпа бар. 6 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Құрметті облыс тұрғындары! Өрттен келетін шығындарды болдырмау мақсатында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеміз.

Өрт оқиғаларының жиі орын алуына әсер ететін факторлардың бірі тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы, ашық отты пайдалануы.

2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымында әр аптаның сенбі күндері облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтёрлерімен бірлесіп жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды атқарды.

Жылу беру маусымы басталғалы барлығы 86 000 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 310 рет кездесу ұйымдастырылды. Оларға электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасында өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен «Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын (тұрмыстық газ баллондар) пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Ұйымның қызметкерлеріне 350 рет дәріс оқылды. Оқушыларға 300 рет интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 85 рет экскурсия ұйымдастырылды.

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<