Қызылордалық тұрғын синтетикалық есірткі сатқан

535

0

Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 21 жастағы жігітке үкім шығарды. Жас жігіт өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде ұсталды.

Белгілі болғандай, “синтетика” әуесқойының пәтерінде 411,61 гр психотроптық зат болған, бұл өте үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, ол дәрі-дәрмектерді жеке пайдалану үшін сақтаған.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, жасын ескере отырып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<