Қызылордалық волейболшылар ел біріншілігіне дайындалуда

1477

0

Қызылордалық «Қайсар» волейбол командасы жігіттер арасындағы ел чемпионатының 3-турына дайындалуда. Келесі тур Орал қаласында 3 ақпанда бсталады.
Төртінші туры наурыз айында, бесінші туры сәуір айында өтуі жоспарланған. Алғашқысы былтырғы жылы қараша айында Оралда ұйымдастырылса, спортшылар желтоқсан айында екінші турына Қызылорда қаласына жиналды.
Командада он төрт ойыншы бар, оның ішінде үш ойыншы Қазақстан құрама командасына үміткер. Команда капитаны – Азамат Рахов. Қазіргі таңда қайсарлықтар Шымкент қаласындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<