Қызылордалық азамат Нұржан Қыстаубаев 2019 жылдан бастап жиһаз жасап, оны қалада сауда орындарына және алыс-жақын шетелдерге сатылымға шығарумен айналысып келеді.
Кәсіпкерге бұл саладағы алғашқы қадамын жасауға «Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы септігін тигізді. Аталған бағдарлама негізінде 15 млн теңге несие алып, жиһаз цехын әр түрлі формадағы ағаш өнімдерін дайындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтаған.
Тапсырыс берушінің сұранысына сәйкес барлық жиһаз, баспалдақ түрлері де дайындалады. Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 6 адам жұмыспен қамтылған.
Қызылорда қаласында ағымдағы жылы 26 мың 358 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 45,5%-ы Қызылорда қаласының үлесінде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<