Фото: НЗМ
Астанада өткен «INFOMATRIX ASIA-2023» халықаралық компьютерлік жобалар байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары екі жоба ұсынып, үздік атанды.
Ақпараттық технологиялар саласын дамыту және дарынды оқушылардың үздік жобаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған әлемдік додаға 184 жоба ұсынылды. Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектеп атынан қатысқан Жұлдызай Мұңайтбасова, Раушан Тұрғанбай мен Арайлым Әшірмет үй жағдайында жүрек ақауын анықтайтын электрокардиограф және саусақ ізі арқылы адам денсаулығы туралы ақпарат беретін өнертабыстарын таныстырды. Екі жоба да қазылар тарапынан жоғары баға алып, үздік деп танылды. Ал авторлары алтын медальдармен және Алматы Энергетика және байланыс университетінің толық грантымен марапатталды. Сонымен қатар, Арайлым Әшірметке Сүлейман Демирель атындағы университетде білім алуға 50 пайыз жеңілдік табысталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<