Қызылордалықтар қайда бара алады?

161

0

Демалыстарды тек жазда ғана емес, кез-келген уақытта ұйымдастыруға болады. Кейде күш жинау үшіндемалысты басқа қаладаөткізу жеткілікті. Жаңа орындарда болып көру, сіздің көңіл-күйіңізге жағымды әсер етеді және сізді қызықты әсерлермен толтырады. FlyArystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан мен Алматыға орындайтын тұрақты рейстерімен демалысты оңай ұйымдастыруға болады.

Әуе компания елордаға күн сайын, ал Алматыға аптасына үш рет (сейсенбі, жұма және жексенбі) рейстерін орындайды. Билет құны 6999 теңгеден басталады. Билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді.

Астаналық афиша

Елордаға Қызылордадан ұшу уақыты бір жарым сағат уақытты құрайды. Таңғы рейспен Нұр-Сұлтанға ұшып келіп, күні бойы елорданы аралап шығуға болады. Жергілікті афиша әр талғам мен жас үшін әртүрлі оқиғаларға толы. Егер сіз елордада бірінші рет болсаңыз, қаланың дәстүрлі, көрнекті белгілеріне айналған орындарды тамашалай аласыз. Бәйтерек монументінен бастауға болады, себебі оның биіктігінен Нұржол алаңының панорамалық көрінісі мен қаланың сол жағалауының сәулеті ашылады. Егер балалармен саяхаттасаңыз елордадағы серуеннің жалғасы 2 000 мың теңіз жануарлары бар «Думан» ойын-сауық океанариумын ұсынамыз. Қазақстан тарихымен тереңірек танысамын деушілерге мұражайларға баруға болады. Нұр-Сұлтанда ең үлкен Ұлттық музейінен басқа АЛЖИР мұражайын, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайды, Тұңғыш Президент мұражайын, Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайын барып көруді ұсынамыз.

Елордалық афиша концерттерге, театрландырылған қойылымдарға және көрмелерге өте бай. QAZAQSTAN концерт залында сүйікті әртістердің гастрольдері жиі өтеді. Мамыр айының мерекелерінде (9 мамыр) Мақпал Жүнісова осында концерт береді. Ал сәуір айының соңында (28 сәуір) Еуропаның жетекші театрларынан әлемдік балет жұлдыздарының гастрольдік сапары өтеді. Ұлттық өнерді сүйетін жандар «Ұлы дала әуені» (21 сәуір) концертін тамашалай алады, онда жетекші музыканттар төл шығармаларды, халық күйлерін  заманауи тұрғыда орындайтын болады. Концерт «Астана Опера» театрының ғимаратында, нақтырақ Күләш Байсейітова атындағы залда өтеді. Ғимараттың өзі сәулет өнерінің шедеврі, сондықтан ол елорда қонақтарының назарын аударатын орын болып табылады.

Оңтүстік өңірі

Қаланың күйбең тірлігінен демалғыңыз келсе, оңтүстік «Астана» Алматымен саяхаттауға болады. Тауда серуендеу үшін күннің бірінші жартысы ең ыңғайлы уақыт болып саналады. Медеуден Шымбұлақ тау кешеніне қатынайтын аспалы жол таңғы сағат 8.30-дан басталады. Теңіз деңгейінен үш мың метрден астам биіктікте таудың таза ауасы мен Іле-Алатаудың әсем пейзажын тамашалай аласыз. Қаланың жанында бір-екі күнге орналасып, демалып, табиғатты тамашалауға болатын демалыс орындары бар. Сонымен қатар қала маңында шаңғы тебу, тау шатқалдарымен серуендеу секілді белсенді демалыс орындары бар. Демалыс күндері Көлсай мен Қайыңды көлдеріне, Шарын каньоны мен Алтын-Емел ұлттық саябағына саяхаттар қала қонақтарының арасында танымал.

Қалада әлемдік және қазақстандық фильмдердің премьерасы өтетін кинотеатрларға міндетті түрде бару керек. Мамыр айының басында (1 және 2 мамыр) Мұздағы Мәскеу циркінің гастрольдік сапары өтеді, онда мәнерлеп сырғанау шеберлері, гимнасттар, акробаттар мен сайқымазақтар өнер көрсететін болады. Қойылым «Алматы Аренада» өтеді. Жас көрермендерге қуыршақ театры мен жас көрермендер театрында ертегілер қойылады. Сәуір айынан мамыр айына дейін қала циркінде FRANKE шоуында сайқымазақтар гастрольдері өтеді. Аренада тек көрнекті клоун дуэті ғана емес, цирк күмбезінің астындағы гимнастшылар, акробаттар, арқанмен серуендеушілер және жонглерлер өнер көрсетеді.

Алматы және Нұр-Сұлтан арқылы Қазақстанның басқа қалаларына немесе шетелге ыңғайлы түйісу рейстерін FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында көруге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<