Қызылордалықтар сәнді автонөмірге неге құмар?

968

0

Облыста автокөліктің әдемі нөміріне деген сұраныс артуда. Пандемияға байланысты бірқатар аймақтарда ақылы автонөмірлерден түсетін кіріс азайғанымен, Қызылорда өңірінде бұл көрсеткіште айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Мәселен, соңғы екі жылда 800-ден астам қызылордалық осы тұрғыда 200 млн-ға тарта қаражат жұмсаған, соның ішінде 2019 жылы – 102 млн теңге, 2020 жылы – 96,5 млн теңге.

Жалпы, 2020 жылы облыс бойынша Мамандандырылған ХҚО бағыты бойынша 90 526 қызмет көрсетілді, соның ішінде 78 411 көлік тіркеліп, 12 115 жүргізуші куәлігі берілген. Бұл орайда қызметтердің 80 пайызы онлайн нұсқада рәсімделген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<