Яғни тектегі «ов», «ев», «ова», «ева» қосымшаларын алып тастау жаппай үрдіске айналып келеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Азаматтарға арналған корпорацияның Қызылордадағы филиал басшысы Аида Әбибуллаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Мәселен 2023 жылы туу туралы куәлік рәсімдеген азаматтардың 90 пайызының тегіне «ов», «ев», «ова», «ева» жалғанбаған. Ал 16 жасқа толған немесе осы жастан асқан 723 тұрғын өзінің тегін қазақыландырып, құжатын қайта рәсімдеген.
«Сондай-ақ, аймақта 9464 адам ұлттық дәстүрге сай атасының және әкесінің атын тек қылып жаздырып, құжаттарын рәсімдеген. Оның 1050-ы Қызылорда қаласында, 8414-і аудандарда», – деп жазды филиал басшысы Аида Әбибуллаева.
Онымен бірге өңірде жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылатын есім де белгілі болды. Қызылордалықтар көбіне ұл-қыздарына «Медина, Асылым, Әлихан, Әлинұр» есімдерін жиі қояды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<