Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен Қармақшы ауданындағы қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалына байланысты штаб отырысы болып өтті.
Аудандық аурухананың басшысы, штаб төрағасының орынбасары Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы мен Қармақшы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Төлепбергенова Гүлнардың қатысуымен өткен штаб отырысының хаттамасына сәйкес қызылшаға қарсы егілуге тиіс 6 ай, 10 ай, 29 күн аралығындағы балаларды егу шараларымен қамту жұмысын жандандыру, егу пункттеріне материалдық-техникалық жағдайын бағалау жүргізіліп, вакциналарды сақтау, тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сәбилерді қызылшаға қарсы егуге әкелген ата-аналардың арасында екпе алу туралы кеңінен насихаттау, халық арасында қызылшаға қарсы егу шараларының маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын кең көлемде жүргізу туралы шешімдер қабылданды.
Осы ретте барша аудан тұрғындарын қызылша ауруының алдын алу үшін екпе алуға шақырамыз!
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<