Қызылжарма ауылдық округі: 2023 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер

424

0

Фото: қала әкімдігі

Бүгін брифингте Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов 2023 жылы Қызылжарма ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Өткен жылы ауылдық округтің инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Мәселен, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 23 көшеге асфальт төселді, 24 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды, 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ауылдық округтің шет аймақтары болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 35 көшеге тас төселді. Әл-Фараби көшесінен Қарауылтөбеге баратын 1,6 шақырым жолға асфальттау жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Абай тұйығы көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

– Ауылдық округтің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Тұрғындардың сұранысына сәйкеc биыл Р.Батырбаев №2А көппәтерлі тұрғын үйге кәріз су құбырларын жүргізу жұмыстары бастау алады. Ауылдық округтегі Н.Ильясов, Нұргелдиев, Жахаев, №61, №13 көшелерге күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 3 дана ауыз су ұғымасының құрылысы басталады. Бұдан бөлек, бірқатар жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджетке өтінім берілді. Олардың қатарында, 67 көшеге электр желісін жүргізу, Қараарын, Төсбұлақ, Күркіреуік, Терісақпай тұйықтары және Алтықұлаш, Қаратау, Тереңсай көшелерін қайта жаңғырту, Садақбаев, Ділдебаев, Абдулов көшелерін түнгі жарықтандыру, Абай тұйығы және Абай, Ұстабаев және Новая көшелерінің қиылысына спорт алаңын салу, А. Меңлібаева, Абай, Қарабалаев, Ө.Махамбет, № 40көше, №43 көше, №45 көше, №10, №11 көше, Қарауылтөбе жолы, Ынтымақ, Қаратау, Есахаев, Бисенбаев, Н. Ильясов, №7А көше, Нұргелдиев, Досхожин, Амангелді, Абенов, Досхожин тұйығы, №6 көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу және Ибраев, Ділдебаев, Құлжанов, Алмағанбетов, Абдулов, Мейрманов, Ермаханов көшелеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, Нақыпұлы көшесіне күрделі жол жөндеу жобалары бар. Осы жобалар қолдау тапқанда, ауылдағы бірқатар өзекті мәселелер шешімін табады, – деді Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әкбарұлы.

Өткен жылы кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында ұсынылған 63 жоба мақұлданып, 285,1 млн теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында субсидиялау бағыты бойынша құны 34,0 млн теңгені құрайтын 8 жоба қолдау алса, грант беру бағыты (400 АЕК) бойынша құны 35,9 млн теңгені құрайтын 26 жоба қаржыландырылды. Айта кету керек, жеке кәсіпкердің демеушілігімен өткен жылы спорт кешені пайдалануға беріліп, ауылдың 300-ден аса балалары түрлі спорт түрлерімен шұғылдануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<