Әр адамның жауапкершілігі маңызды

308

0

Коронавирусты Дүние­жүзі­лік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялады. Пандемия – жаңа, қауіпті вирустың өте үлкен көлемде әлемге таралуы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер уақытында халыққа үндеу жариялап, адам көп жиналатын жиын, той, от­басылық шараларды кейін­ге қалдыру керегін айтты. Тоқтатуды емес, кейінге қал­дыра тұруды тапсырды. Елі­мізде нау­рыз айының 16-нан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жа­рия­­ланды. Мұның бәрі бекер емес.

Бұл – бұрын болмаған белгісіз вирус. Емі де анықталмаған. Ең жаманы, адамды өлімге жетелейді, вирустан науқас көз жұмуы мүмкін. Осы уақытқа дейін әлемде құс тұмауы, шошқа вирусы сынды аурулар болды, бірақ дәл мұндай вирус түрі жоқ еді және осындай кең ауқымда тарамаған болатын. Сондықтан, ең бастысы – қорғану. Кез келген адам аурудан  сақтанбаса, жеке бас гигиенасын ұстанбаса, тез жайылып кетуі мүмкін. Әсіресе, жасы ұлғайған, иммунитеті әлсіз адамдар көп адам жиналатын жерлерге бармағаны дұрыс. Жасы үлкен дейміз-ау, шындығында бұл жастарға да өте қауіпті. Қазір вирус әлемнің 140-тан астам еліне тарады емес пе?

Бізде бұл вирустың қауіп­тілігіне мән бермей жүрген, сақтық шараларын жүргізбеген адамдар әлі де көп. Кешегі күнге дейін қаншама адамның басын қосқан той өткізілді. Мұның бәрі дұрыс емес. Әр адам бетперде тағып, өзінің де, өзгелердің де болашағы үшін жеке бас гигиенасын сақтаса екен.

Тұрғанбай МАХАНОВ,

денсаулық сақтау саласының ардагері,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<