ҚР Заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

605

0

ҚР Заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде қылмыстық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жеке құрам арасында мекеме заңгері Т.Өтегенов түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осыған орай,  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік, қылмыстық, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетіп, осы Заңның негізгі қағидалары қылмыстық процесті одан әрі ізгілендіруге, репрессивтігін төмендетуге бағытталғандығына қарай  Заң жобасы екі бағытты қамтидығын атап өтті. Яғни:
Бірінші бағыт – бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайту және құқық қорғау қызметін ізгілендіру.
Осы тұрғыда Қылмыстық-процестік кодексінің 16 бабына, Қылмыстық кодекстің 255 бабына, Қылмыстық-атқару кодексінің 6 бабына түзетулер енгізілген.
Екінші  бағыт –ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру.
Дара басшылық пен тікелей бағыныстылықты сақтай отырып, Ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметінің жанынан Ішкі істер министрлігінің облыстық полиция департаменттері құрылуы қарастырылған.  
Т.Өтегенов,
ЗК-169/1 мекемесінің заң кеңесшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<