Рамазан айындағы игілікті істер

1762

1

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған «Зекет және қайырымдылық» қоры жыл бойы қайырымдылық шараларын дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Биыл қордың бастамасымен рамазан айында «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша облысымыздағы 1 отбасыға баспана сыйлады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша өкілі Оңталап Жидебаев айтып берді.

– Тұрғындардың қолдауы­мен «Өмірге үміт сыйла!» акция­мыздың шеңберіне аймағы­мыз­дағы дертке шалдыққан 4 баланың емделуіне қаражат бөлдік. «Аналарға алғыс» атты шара аясында 500 отбасын, «Жетім көрсең, жебей жүр!» жобасымен 450 отбасын, «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» бастамасымен 1300 отбасын қуанттық.

Облыстық медицина орта­лығына 100 адамға, Жедел жәрдем ор­талығына 70 адамға, қалалық ауруханадағы 200 қызметкерге ауызашар қоржынын үлестірдік. Республикалық «Берекелі рама­зан» акциясы бойынша 1400 от­басыға қайырымдылық жа­салды, – деді қордың өңірдегі жетекшісі.

Сонымен қатар, «Зекет және қайырымдылық» қоры рамазан айында 60 отбасыға қаржылай көмек көрсетсе, аймағымыздағы мыңдаған тұрмысы төмен отба­­­сыға азық-түлік және тағы басқа  қол­дау­лар жасалды. Айта ке­тейік, игі істердің ұйытқысы болған қор­дың сауапты істері мен қайы­рымдылығы тек ораза кезінде ғана емес жыл бойы жүргізіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<