РАТТ мүшесі сотталған азаматтармен кездесті

313

0

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау орғандары академиясының құрметті профессоры Шакимова Лола Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіндегі сотталған азаматтармен «Мен кіммін?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

«Психологиялық Тренингінің мақсаты: жазасын өтеушілерге дер кезінде психологиялық денсаулығына көмек беру, бір-біріне, қоғамға, жақындарына деген сенімділік, психологиялық қолдау көрсету, адамгершілік қатынастары мен өзара түсіністік дағдыларын қалыптастырып, өзінің кім екені, бұл өмірге келгендегі мақсаты, әрі қарай кім болатынына сенімді жауап беру» – деді психолог Лола Шакимова.

Тренинг барысында қатысушы азаматтар маманға көкейіндегі сұрақтарын қойып, жеке қабылдауға да сұраныс білдірді. Нәтижесінде психологиялық көмек көрсетілді. Қорытындылау барысында сотталған азаматтар алған әсерлерімен бөлісті.

Адина Жомартқызы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<