Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, Мәжіліс депутаты К.Абсатиров жұмыс сапары барысында «Қорқыт ата» кешенінде болды.
Ұлы жолдың бойындағы мемориалдық кешен жаңа келбетке енгелі мұнда тоқтайтын, арнайы келетін туристер қатары көбейген. Былтыр жаз бойы ЕХРО халықаралық көрмесін тамашалаған 13 мыңнан астам турист «Қорқыт ата» кешені мен «Байқоңыр» айлағына да арнайы келген.
Кешен басындағы 3 экспозициялық залдан тұратын музейге ескі дәуірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлер қойылған. Қордағы 700-ге жуық экспонат келушілердің қызығушылығын тудыратын мәнге ие.
Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылында Мәжіліс депутаты Б.Кесебаеваның жұртшылықпен кездесуінде ауыл тұрғындары А.Құлғараев, Б.Пірдашов, Л.Дайрабаева өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сол күні депутат «Ақтөбе және К» ЖШС-да болып, күріш өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Аудан орталығындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысын көріп, аграрлық-техникалық колледжде студенттермен, оқытушылармен кездесті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<