Редакцияда жаңа басшы

313

0

Жарық көргеніне 95 жылға таяған облыстық «Кызылординские вести» газеті редакциясының басшылығы ауысты. «Сыр медиа» ЖШС бас директорының бұйрығымен Ботагөз Ажарбаева облыстық «Кызылординские вести» газетінің және kzvesti.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы болып тағайындалды.

Б.Ажарбаева 1972 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Журналистикадағы қызметін 2006 жылы бастады.

Ол еңбек жолын тілшіліктен бастап, «Экономика» бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Экономика, әлеуметтік мәселелер туралы мақалалары оқырман тарапынан жоғары бағаланған.

Әріптесіміздің жаңа қызметіне тілектестік білдіреміз.

«Сыр бойы» редакциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<