Референдумның табысты өтуімен құттықтады

6

0

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Өзбекстан Президентінің ай­туын­ша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жат­­қан ауқымды реформаларға Қа­зақ­­стан халқы зор сенім артатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы қолдау біл­­­діріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқау­шылар мис­сия­сын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конс­титуция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ мемлекеттің ор­нықты және жан-жақты дамуын қам­тамасыз ете­тініне назар ау­дарды. Елімізде жүргізілетін ал­дағы жаң­ғыртулар ке­зінде халық­аралық серік­тестермен, әсіресе, көр­шілес және одақтас ел­дермен ынты­мақтастықты нығайтуға айрықша мән беріледі.

Тараптар стратегиялық серік­тес­тік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қар­қын­ды дамып келе жатқанына тоқ­­­тал­ды. Сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен Жо­ғары мемлекетаралық кеңес ше­шім­дерінің іске асырылу барысына оң баға беріп, барлық деңгейдегі ық­пал­дастықты жалғастыруға уағ­даласты.

Президенттер өңірлік және ха­лықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пы­сықтады.