Рейд жұмыстары жалғасуда

275

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов жауапты сала басшыларымен бірге жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша рейд жұмыстарын жүргізді.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жалағаш кенті орталығында халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптары түсіндірілді.

Бүгінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген шаралар қабылданып, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы рейдтік жұмыстар аудан бойынша тұрақты ұйымдастырылуда.

ЕСКЕРТПЕ:🔹Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<