Рейд жұмыстары жүргізілуде

510

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Қазалы ауданында жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған рейдтік топтар күн сайын рейд жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін кезектілікке сәйкес аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов бастаған рейдтік топ аудан орталығындағы жастар көп шоғырланатын орындарды аралады.

Рейд барысында топ құрамы аудан орталығындағы кафелер, компьютерлік клубтар, орталық стадион, саябақтар мен спорт алаңдарын аралап, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ 23:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелет жасқа толмаған оқушылар үйлеріне жеткізіліп, ата-аналарына ескерту берілді.

Рейд жұмыстары кезінде кафе, мейрамхана иелеріне кәсіпкерлік нысандарды меморандумда көрсетілген уақытта жабу керектігі түсіндірілді.

Айта кетейік, топ құрамында аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен мектеп директорлары бірге жүрді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<